
Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бейрезиденттерге салық салудың халықаралық қағидасына сәйкес келетін бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі нақтыланғандығына қарамастан, сот тәжірибесінде жиі болмаса да бейрезидентке кірістерді төлеу кезінде корпоративті табыс салығын (КТС) есептеуге байланысты даулар жиі кездеседі.Осы санаттағы сот қараған соңғы істердің ішінде дау бейрезидент дивиденттеріне салық салуға байланысты болды, онда АҚ құрылтайшы - бейрезиденттер «М» және «К» арасында таза кірісті бөле отырып, салықтың төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Халықаралық конвенция нормасын пайдалана отырып, табыс салығын ұстаусыз дивиденттер есептелді. Мемлекеттік кірістер органымен салық агентімен халықаралық шарт нормаларын қолдану негізсіз және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес емес деп танылды, ал салықтық тексеру нәтижелері бойынша КТС сомалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен көзделген мөлшерлемелері бойынша есептелді.Жалпы тәртіп бойынша дивиденттер, соның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, заңды тұлға-құрылтайшылары арасында бөлінетiн таза кірістер немесе олардың бөлігі түрінде Қазақстан Республикасы көздерінен бейрезидент-заңды тұлғалардың кірістері болып танылады (Салық кодексінің 645-бабы) және уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалар үшін 15 % және 20 % мөлшерлемесі бойынша Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, салық салуға жатқызылады.Бұл ретте Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағында, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шартымен Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылатындығы көзделген.
Яғни, егер бейрезидент - заңды тұлға Қазақстан Республикасы кірістер мен капиталдар салықтарына қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция (бұдан ары-Конвенция) жасаған және ратификациялаған елдің резиденті болып табылса, бейрезидент осындай конвенцияның қағидасын қолдануға құқылы.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 645-бабы 6-тармағына сәйкес, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік, төлем көзі болып табылатын ҚР бейрезидент - заңды тұлғасына жүктеледі. Салық кодексінің 667-бабы 1-тармағына сәйкес дивидендтер түрінде бейрезидентке кірістерді төлеу кезінде салық агенті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салықтық мөлшерлемелерді, егер бейрезидент түпкілікті (нақты) кіріс алушы және халықаралық шарт жасалған елдің резиденті болып табылса дербес қолдануға құқылы.10-бабқа сәйкес тиісті конвенцияның «Дивиденттері» аталған Конвенциямен белгіленген мөлшерлемелер бойынша дивидендтер төлейтін компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынады, егер дивидендтердің нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, сондай-ақ дивиденттерді бөлетін тұлғаның капиталында шетелдік қатысушысының үлесі осы конвенциямен белгіленген деңгейден кем болмайды, сонымен бірге, табыстарынан дивидендтері төленетін компанияларға салық салу, Конвенция нормаларының қатысы жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасаған және ратификациялаған 54 Конвенциясы әрекет етеді және Конвенциялардың бірде-бірінде бейрезиденттер кірістерін салық салудан толығымен босату қарастырылмаған, тек 5 %-дан 15 %-ға дейінгі мөлшерде төмендетілген мөлшерлемелерді белгілейді. Осылайша, төмендетілген мөлшерлемеге қатысты Конвенция нормалары салық агентімен осындай кірістерге салық салумен бейрезиденттің дивидендтерін (крістері) төлеу кезінде қолданылады, егер конвенция нормалары қолданбаған жағдайда және өз қаражаттары есебінен төлем көзінен КТС төлеу кезінде төмендетілген мөлшерлеме қолданылмайды, төлем көзінен ұсталатын корпоративті табыс салығы сомасы салық агентімен Салық кодексімен белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолы арқылы есептеледі. Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының позициясы сотпен негізді деп танылған және мөлшерлемелерді түзету бойынша әрекеттері, сәйкесінше КТС сомалары салық агентіне есептеумен салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарламалар заңды деп танылған.