Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ( әрі қарай-Департамент) келесі жоғарғы оқу орындарымен, атап айтқанда Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, Тұрар Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеті АҚ-мен, Қазақ-Америка еркін университетімен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Д. Серікбаев атындағы техникалық университетімен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университетімен және Ресей Федерция кеден академиясымен шәкірттері өндірістік, диплом алдындағы, оку тәжірбиесін өту үшін келісім жасалынған.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Департментте 15 шәкірт «кеден ісі» мамандығы бойынша тәжірбиеден өтуде. Тәжірбие кезінде Мемлекеттік кірістер комитетінің, Департаменттің құрылымен таныстырылады, кеден бекеттерінде жүктерді тексеруге қатысады, Салық, кеден, құқыққорғау салалары бойынша Департамент тіршілігіндегі видеомартеиалдар көрсетіледі. Мемлекеттік кірістер органына жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндіріледі.