
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 24-тарауына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
Кодексін 175-бабына сәйкес, егер Қодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауды декларант не кеден өкілі жүзеге асырады.
Бұл ретте кедендік декларациялау электрондық нысанда жүзеге асырылады. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жол беріледі.
Кодекстін 176-бабына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырған кезде транзиттік декларация қолданылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалатын және (немесе) Комиссия айқындайтын және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын жағдайларда және тәртіппен тауарлар шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кеден органдары ҚР ҚМ МКК 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №439 бұйрығын басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудін автоматтандырылған жүйесін қолданады. Осыған байланысты 2010 жылдың 17 тамызында №438 КОК Шешімімен бекітілген кедендік операцияларды жүргізу тәртібін қолданумен, 2010 жылдың 18 маусымында №289 КОК шешімімен бекітілген (19.05.2011ж.№638 КОК Шешімімен өзгерістер енгізілген) транзиттік декларацияның электрондық түрі қабылданып, қалыптастырылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №933 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тізімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, транзиттік декларацияны қабылдау мемелекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметке жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығымен бекітілген Стандарттармен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрініің 2015 жылғы 4 маусымындағы №348 бұйрығымен бекітілген Регламенттер мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық негізі болып табылады.
«Бақты» кеден бекетінің бас маманы А. Ешекенов