Date of publication: 31.10.2019 10:02
Date of changing: 31.10.2019 10:15

Жаңа жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлем қабылдайтын кез-келген жеке кәсіпкер мәліметтерді онлайн түрде жіберетін бақылау-кассалық аппаратын орнатуы қажет. Онлайн-кассалар – көлеңкелі экономикамен күресте таптырмас құрал.  Өйткені, кез-келген сатылым туралы мәлімет мемлекеттік органға бірден жетеді. Осылайша, қосымша тексерістер болмайды. Сауда нүктелері, базарлар мен дүкендерге қойылуы бұрыннан талқыланған болатын. Енді құзырлы мекеме өкілдері кәсіпкерлерге онлайн кассаларды жыл соңына дейін сатып алуға уақыт берді.