
Қазіргі уақытта жеңімпаз болып 1 мыңнан аса адам аталды. Олар 5000 дейінгі сыйақыға ие болды.
Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» ақциясын жалғастыруда.
Ағымдағы жылғы 21 тамыздан 27 қазанға дейінгі кезеңде акцияға 11 203 пайдаланушы қатысқан, олар 210 726 чек жолдаған, көрсетілген кезең 1 157 жеңімпаз анықталды, ең көп жеңімпаздар саны Қостанай облысында – 157 жеңімпаз, Алматы облысында - 135 жеңімпаз, Маңғыстау облысында – 103 жеңімпаз, Алматы қаласында – 99 жеңімпаз, Солтүстік Қазақстан облысында – 92 жеңімпаз, ШҚО - 86 жеңімпаз, Ақмола облысында 84 жеңімпаз, Нұр-Сұлтан қаласында - 66 жеңімпаз анықталды.
Акцияға қатысу үшін онлайн БКМ чектерін қабылдау ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы – автомобильде қатысады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып шағым жөнелтуі мүмкін.
Айта кетейік, акция азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған.
Участвовать в акции могут граждане Республики Казахстан, подтвердившие приобретение товара, работы или услуги путем представления данных фискального чека онлайн-ККМ. После отправки чека участник имеет шанс выиграть средства на баланс до 5 000 тенге. Призовой фонд моментальных призов составляет 3 000 000 тенге. Все отправленные чеки также участвуют в розыгрыше главного приза акции – автомобиля.
Также в случае невыдачи фискального чека ККМ, граждане могут отправить жалобу на эти нарушения с приложением видеоматериала.
Отметим, акция «Требуй чек – выиграй приз!» направлена на повышение гражданской активности, воспитание правовой культуры граждан в вопросах защиты собственных интересов как потребителей товаров, работ и услуг, сокращение размеров теневой экономики, а также стимулирование добросовестной конкуренции среди предпринимателей