Date of publication: 29.10.2019 18:26
Date of changing: 29.10.2019 18:27

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 1118 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 368 бірлескен бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан келесілерді әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынды:

  • тірі ірі қара мал: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтары – 0102 21 100 0; 0102 21 300 0; 0102 21 900 0-ден бір жасқа дейінгі ұрғашы бұзаулар, бір жастан асқан тайыншалар; 0102 29 490 0-ден сиырлар; 0102 29 590 0; 0102 29 690 0;
  • тірі қойлар мен ешкілер: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары – 0104 10 300 0-ден бір жасқа дейінгі ұрғашы қозылар; 0104 10 800 0-ден саулықтар; 0104 20 100 0-ден ешкілер мен шыбыштар; 0104 20 900 0-ден ешкілер мен шыбыштар.

Аталған бұйрық 2019 жылдың 21 қазанынан  заңды күшіне енді.