
Техникалық қызмет көрсету орталықтарың өкілдері деректерді беру функциясы бар БКМ әкелді.
Салық төлеушілер бар БКМ туралы, сонымен қатар БКМ орнату қажеттілігі туралы ақпараттар алды.
Басшының орынбасары Е.Ктанов деректерді беру функциясы бар БКМ енгізу, бұл біріншіден азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өздерінің мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономика көлемін азайту, сонымен қатар кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру екенін айтты.
Департамент қызметкерлерімен салық төлеушілерге, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін патент негізінде арнаулы салық режимін қолданантын кәсіпкерлерге режимін өзгерту қажеттілігі туралы түсіндірулер берілді. Мемлекеттік қызмет түрі «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолдары, мекен-жай анықтамасы жайлы, сонымен қатар «Чек талап етте –жүлдені ұтып ал!» акциясының өткізілуі туралы және «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы БКМ-ның фискалды түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау үшін екенін естеріне салып өтті.
Осындай іс-шаралар облыстың аудандық орталықтарында да өткізілді.