
ҚР кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 394-бабіна сәйкес кедендік бақылау объектілері белгіленген.
Мыналар:
Кедендік бақылаудағы тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болған ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, кері импорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелген кезде Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін сақтап қалған тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы тауарлар, – кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын бұза отырып, мұндай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде;
Кеден органдарына ұсынылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамаларына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ мұндай құжаттарда қамтылған мәліметтер;
Тұлғалардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласындағы қызметтерді көрсетуге байланысты уәкілетті экономикалық операторлардың не жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет;
Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ кедендік бақылау аймағы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау объектілері болып табылады.