2016 жылы 24 ақпанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің котырысы өтті. Департаменттің басшысы Бауыржан Айнабеков «Ұлт көшбасшысының 100 нақты қадамы: дамыған мемлекетке жол». ШҚО бойынша МКД жұмыстарының қорытындысы және 2016 жылға міндеттер тақырыбына баяндама жасады.
Бүгінгі таңда 2014 жылғы қараша айында өткізілген қайта ұйымдастырудағы кеден және салық жүйесіндегі сұрақтар Мемлекеттік кірістер департаменті атқарып, шешімін тауып жатқан жұмыстар Президент ұсынған бес институционалдық реформаның бірі болып табылады, - деп атап өтті Б. Айнабеков. Өзінің баяндамасында ол салық және кеден рәсімдеріндегі оңтайландырудың негізгі қағидаларына тоқталды. Қатысушыларды Департаменттің негізгі бағыты бойынша жұмысы 2015 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджет бойынша құзіреті кіріс бөлігі болжамы 114, 2%-ға орындалғанын (174 892,1 млн.теңге түсті), республикалық бюджеттің орындалуы 127,5%-ды құрағанымен ( 100 170,7 млн.теңге түсті) таныстырды.
Салық төлеушілердің жалпы сұрақтарына салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г. К. Сабралимова жауап берді.
Отырыс барысында хатшылыққа келіп түскен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және «Қазмырыш» ЖШС сұрақтары талқыланды.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры И. Щацкийдің сұрақтарына камералдық бақылау басқармасының басшысы Г.К.Беркутова, борыштармен жұмыс басқармасының басшысы міндетін атқарушы А. Жақиянов, №1 әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Б.Черубаева, сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы жалған кәсіпкерлікке және заңсыз банкротттауға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы А. Жадринов жауап қайтарды.
«Қазақтелеком» АҚ БКМ орнатуға байланысты БКМ қосуда деректерді тікелей желімен табыстауда техникалық мүмкіндіктердің болмауының себептерін «Қазақтелеком» АҚ өкілі Дамир Карбаев түсіндіріп берді. Одан ары ШҚО бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы Е. С. Құттыбаев «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына баяндама жасады.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Б.Айнабеков отырысты қорытындылап, Консультативтік кеңестің мүшелерін және ірі салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларға «ЭШФ» АЖ қатысушы ретінде тіркелу қажеттігін және тауарларды алуды жүзеге асыруда ЭШФ ресімделуін тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді.
ШҚО бойынша МКД