
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзіндік құн нормалары төмендетілетіндігін ескертеді, соның шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтімдеріне жіберілетін және тасымалдаушы жеткізетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен ЕАЭО кедендік аумағына әкелінеді. Жеке пайдалануға арналған әкелінетін тауарлардың құны 200 евроға дейін төмендейді, сонымен бірге салмағы 31 кг өзгеріссіз қалдырылады.
Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багаждағы алкоголь өнімдері мен сыралар- 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 3 литр.
Темекі және темекі өнімдері - 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 200 сигарета немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті.
Сонымен қатар, егер қолма-қол ақша қаражаттарының жалпы сомасы ЕЭО кеден амуағына/нан бір мезгілде әкелген/әкетілген жағдайда шекараны өту күнінде қолданыстағы валюта курсы бойынша 10 мың АҚШ доллары балама сомадан аспайтын болса, кедендік декларациялаусыз өзімен бірге өткізуге болады.
Егер қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының жалпы сомасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір мезгілде әкелінген немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір мезгілде әкетілген кезде жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органдарына ұсынған күні қолданыстағы валюта бағамы бойынша 100 АҚШ долларына баламалы сомадан асса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау қажеттілігі туралы қосымша хабарлаймыз.
Осы норма «Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растау үшін құжаттарды ұсыну туралы» Еуразиялық экономикалық алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 Шешімімен қарастырылған.
Аталған алып өту нормалары Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасын өту кезінде қолданылатындығын тағы да ескеретеміз.
Осы нормалар сақталмаған жағдайда, тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткен елдің мүше-мемлекетінің әкімшілік жауапкершілігіне тартылады.
Болжалды бағдарды көрнекі қарап көрейік:
Тұлға Өскемен-Мәскеу бағдары бойынша ұшады- қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын алып өтуге шектеу жоқ.
Тұлға Мәскеу-Египет бағдары бойынша ұшады - 10 мың АҚШ долларына баламала сомадан асқан жағдайда, қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын жазбаша декларациялайды.
Тұлға Өскемен-Мәскеу-Египет бағдары бойынша ұшады-10 мың АҚШ долларына баламала сомадан, сондай-ақ салмақтық, өзіндік құн нормаларынан асқан жағдайда, тұлға Мәскеу қаласына жолаушылардың кедендік декларациясын беру арқылы тауарларды жазбаша декарациялайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптар сақталмаған кезде, Ресей Федерациясына Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдары өткізілген жағдайда, тұлға Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан ары-РФ ӘҚБКо) келесі баптары бойынша жауапкершілікке тартылады:
- РФ ӘҚБКо 16.2 (тауарларды декларацияламау немесе жалған декларациялау) азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық нысаны болып табылған тауарлардың, оларды тәркілеумен немесе тәркілемей оның құнының бірден екі бөлігінен екі еселенген мөлшерге дейін әкімшілік айыппұл салуға немесе әкімшілік құқық бұзушылық нысандарын тәркілеуге әкеп соқтырады;
- РФ ӘҚБКо 16.3 (Еуразиялық экономикалық одақ немесе РФ кеден аумағына тауарларды енгізуге және (немесе) ЕАЭО немесе РФ-нан аумағынан тауарларды шығаруға тыйымдар мен (немесе) шектеулерді сақтамау) азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық нысаны болып табылған тауарларды екі мың сомнан екі мың бес жүз сомға дейін тәркілеумен немесе тәркілемей әкімшілік айыппұл салуға немесе әкімшілік құқық бұзушылық нысандарын тәркілеуге әкеп соқтырады;
- РФ ӘҚБКо 16.4 (жеке тұлғалармен қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарын декларацияламау немесе жалған декларациялау) азаматтарға декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттары және (немесе) ақша құралдары сомасының бірден екі бөлігінен екі еселенген мөлшерге дейін әкімшілік айыппұл салуға немесе әкімшілік құқық бұзушылық нысандарын тәркілеуге әкеп соқтырады;
Ұқсас нормалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекет елдерінде қолданылады.
Осылайша:
- әрі қарай үшінші елдерге шығумен ЕАЭО мүше-мемлекеттерін транзиттік өту кезінде, 10 мың АҚШ долларына баламала сомадан асқан жағдайда, тұлға қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарының шығуын растау үшін құжаттарды ұсына отырып, жолаушылылардың кедендік декларациясын беру арқылы қолма-қол ақша қаражаттарын және (немесе) ақша құралдарының жазбаша декларациялау қажет;
- әрі қарай үшінші елдерге шығумен ЕАЭО мүше-мемлекеттерін транзиттік өту кезінде, салмақтық, өзіндік құн нормаларынан асқан кезде, тұлға жолаушылылардың кедендік декларациясын беру арқылы тауарларды жазбаша декларациялау қажет және салмақтық, өзіндік құн нормаларынан асу айырмашылығына кедендік баждар мен салықтар төлеу керек.
Шығыс қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар басқармасы