Date of publication: 08.10.2019 09:20
Date of changing: 22.11.2019 14:48

Бүкіл әлемде жемқорлық әрекетінің ұлғаюына орай жемқорлықпен күрес маңызды тақырыпқа айналды. Ендігі кезекте мемлекеттердің алдында «Жемқорлық деген не?» оған қарсы қандай әдістерді қолдану керек,  «жемқорлықты қалай жеңуге болады?»  деген сұрақтар туындады. Осы ұғым негізінде, жемқорлықпен күрес бағытында әртүрлі бағдарламалар мен жемқорлық сияқты жағымсыз элементтін алдын алу мақсатында заңдар шығарылуда.

Жемқорлықтын мәні ол, қоғамдағы қарым-қатынасты бұрмалау, қоғамдағы қалыпты жағдайды бұзу, оның негізінде биліктің «бүліну» «бұзылу»  пайда болады.

Жемқорлық барлық қоғамға зиянын тигізе отырып билікті және оның барлық мүмкіндіктерін жеке адамның немесе нақты бір топтың қызығушылығына ғана бағыттайды. Басқа сөзбен айтқанда, жемқорлық билікті жеке қызығушылыққа пайдалана отырып заңсыздыққа жол беру. Жемқорлыққа қатысы бар тұлға ұстанымындағы қызметінің негізінде кандай да бір жеңілдік, табыс немесе басқа пайдаға ие болады. Сонымен қатар ол пайда тек қана қаражат негінде емес.

Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күресуге Қазақстанда  мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде аса мән беріліп қадағалануда.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарда, сонымен қатар Елбасының жыл сайынғы жолдауында бекітілген.

Елбасының талабы негізіде, салық басқармасларында сыбайлас жемқорлықпен күреске аса мән беріледі.

2019 жылы мамыр айының соңында Елбасы Касым-Жомарт Токаев мемлекеттік органдардың басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында жиналыс өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының нақты бағыттарын анықтады.

Жемқорлыққа қарсы күрестің бір механизмі – түсіндіру. Салық заңнамасының бұзылуының алдын алу мақатында БАҚ-да тұрақты түрде Қазақстан Республикасының Салық кодексін түсіндіру жұмыстары жарияланады.

Басқарма қызметкерлерінің заңсыз әркеттері туралы жедел түрде ақпарат алу негізінде басқармады арыз және ұсыныс қалдыруға арналған қорап орнатылған және 75-14-28 «сенім телефоны» бар. Өскемен қаласындағы ауқымды сауда үйлері мен базарларында қатты дауыста сенім телефоны жұмыс істейтіндігі хабарланады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспарын орындау мақсатында 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 3 мақала жарияланды, 9 семинар 31 техникалық сабақ және 12 нұсқама өткізілді, 4 хабарлама интернет сайттарында орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары негізінде Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  2019 жылы тұрақты түрде алдын алу негізінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетінің деңгейін көтеруге бағытталған, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі олқылықтарды және заңсыз әрекеттерді болдырмау, қызмет этикасын қатаң түрде сақтау, патироттылық және қарапайымдылық, кәсібилік жыне адалдық, сыпайлық қасиеттірін арттыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа күрес заңнамасынын және Этикалық кодекс нормаларын сақтау Басқарма басшының тұрақты бақылауында.

 

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Персоналмен жұмыс және ұйымдастырушылық

жұмысы бөлімнің басшысы-

Солтаниянова Замира Аскеновна