Date of publication: 04.10.2019 11:49
Date of changing: 22.11.2019 14:47

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қыркүйегіндегі мәжілісінде мақұлданғандығын хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген жобаның аясында «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алынып тасталады (Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінің 12 жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылған). Тиісінше осы өзгерістер күшіне енгеннен кейін, азаматтардан кез келген жағдайда тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын сұратуға жол берілмейді.