
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар салық төлеушілердің белгілі санатын қоспағанда, бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті қолданумен жүзеге асырылады.
БКМ чектерін бермеу кірістерді көрсетуден жалтару, тиісті салықтарды төлемеуге әкеледі, бұл нәтижесінде жалпы көлеңкелі экономика көлемінің өсуіне әкеп соқтырады.
Сіз тауар немесе қызмет сатып алдыңыз. Сізге тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет құны сомасына фискалды чегін беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
БКМ чегі немесе тауар сатып алу туралы чегі берілмесе немесе БКМ чегі немесе тауар немесе қызмет үшін көп немесе аз төленген сомаға тауар чегін беру әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Егер Сізге фискалды чек беруден бас тартса, Сіз сауда нысаны орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе Wipon мобильді қосымшасы арқылы жүгіне аласыз.
Түсіндіру жұмыс басқармасы