Date of publication: 03.10.2019 10:16
Date of changing: 22.11.2019 14:47

Резидент Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - ҚР) халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осындай тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады.

Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген болса, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына ұсынылады.

2019 жылдың басынан 230 салық төлеушіге ҚР резиденттігін растау бойынша 286 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Барлық қызметтер уақытылы көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде салық резиденттігін растауды алу бойынша өтінішті толтыру кезінде практикалық көмек көзбе-көз, сонымен қатар телефон арқылы көрсетіледі