Date of publication: 01.10.2019 17:28
Date of changing: 22.11.2019 14:47

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.К.Жолдасбаев бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне қатысты.

2019 жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.К.Аймукашевтың төрағалығымен бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтіп, оған ШҚО мемлекеттік органдары, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, ШҚО шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіпорын басшылары, шағын және орта бизнес, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Е.К.Жолдасбаев өз баяндамасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде заңнамадағы міндетті талаптар, жаңа енгізілімдер және өзгерістер туралы айтып өтті.

Ол соңғы жылдары мемлекетпен қабылданған кәсіпкерлікті қолдауға, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған салық заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар: салық мөлшерлемелерін төмендету және жекелеген салықтарды алып тастау, электронды сауда үшін жаңа салықтық жеңілдіктерді енгізу, арнайы салық режимдері бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізу, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы хабарлады. 

Сонымен қатар, онлайн-БКМ енгізу, шағын бизнес субъектілері және жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық сияқты өзекті тақырыптарды да қозғап өтті. Сонымен бірге қатысушыларға ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында, салық заңнамасына енгізілетін алдағы өзгерістер туралы айтылды.

Семинар барысында салық төлеушілерден тексерулер және салықтық әкімшілендіру туралы сұрақтар түсіп, оларға жауаптар берілді.