Date of publication: 28.09.2019 10:22
Date of changing: 22.11.2019 14:36

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 399 бабында көрсетілген дәрілік зат  тауарларын импорттау кезінде қосылған құн салығынан босату тәртібі  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығымен бекітілген.

«Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығымен бекіткен Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптарды сақтау қажет:

- Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелгені туралы мәліметтердің болуы;

- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік органның Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) ұсыну.

- ветеринария саласында қолдануға (пайдалануға) арналған дәрілік заттарды;

Медициналық мақсаттағы тауарлардың импорты, егер осындай тауар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекіткен Тізбеге енгізілген болса, қосылған құн салығынан босатылады.

Ветеринария максатында қолданылатын   тауарлардың Тізбесі,  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті  органмен бекітіледі.

Дәрілік зат  тауарларын  қосылған құн салығынан босату шарты, құжаттар тізбесі және басқа да талаптары  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту» туралы 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығында бекітілген.