
Уақытша кедендік декларациялауды қолдану кезінде ТД-ның 7-бағанында «УКД» көрсетіледі, бұл ретте декларациядағы кейбір мәліметтер тауардың саны және кедендік құны туралы жуық деректерді негізге ала отырып көрсетілуі мүмкін, яғни тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы нақты мәліметтер ұсынылмауы мүмкін.
Декларациялау ерекшеліктерінде ТД-ның 7-бағанында уақытша толық декларациялауды (бұдан әрі – УТД) таңдау кезінде, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде уақытша кедендік декларацияның нөмірін көрсету кезінде бұрын ресімделген УТД-ның автоматты көрсетілетін «Алдыңғы декларация» қойындысы шығады. Толық декларация, бұл құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың нақты әкетілгенін (әкелінгенін) растайтын осындай тауарларға кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісімен тауарларға арналған құжаттар.
«Сарыбулак-Зимунай» газ өткізгіші арқылы ҚР-дан ҚХР-ға тасымалданатын табиғи газ экспортына ШҚО бойынша КБД (ҚР) және Үрімші қаласындағы КБ (ҚХР) арасындағы өзара әрекеттесу туралы 2013 жылдың 24 маусымдағы уақытша тәртібіне сәйкес бақылау жасалады.
ҚР және ҚХР кеден органдарымен, жауапты тасымалдаушы тұлғалардың қатысуымен рұқсатсыз қатынау мен тасымалданатын газды есепке алу аспабындағы мәліметтерін өзгертуді болдырмау мақсатында, газды есепке алу аспабына сәйкестендіру құрылғысы салынғандығы туралы акт құрастырумен сәйкестендіру құрылғысы салынады.
Экспортталатын табиғи газдың өндірілуі азайғандықтан былтырғы жылмен салыстырғанда, экспортталған газ көлемі 28 519 958 м3-қа азайып, құны 4 848 мың$ кеміді.