
2019 жылдың 2 қыркүейгінде мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын кезекті Парламент палаталарының бірлескен жиналысында жолдады.Әртүрлі сфераларда көптеген сұрақтар қозғалды. Жолдау мемлекетіміздің болашаққа көздеген айқын мақсаттары мен міндеттерін анықтады.
Халықты мазалайтын және нақты шешуге қажетті мәселелер: мемдекеттік қызметшілердің қысқартылуы; кіріс салығы; медициналық сақтандыру; тұрған үй құрылысы; әлеуметтік көмек, тұрғын үйге жеңілдіктер; зейнатақы қоры; сот жүйесі; сыбайлас жемқорлық; жер мәселесі және басқа да мәселелер.
Президенттің сөзінен үзіндісі:
Мемлекеттік қызметшылердің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшылердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз. 2024 жылға қарай мемлекетік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлерін 25 пайызға қысқарту керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек.Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс.
Зейнетақы жинақтау туралы - қазір жұмыс істеп жүрген адам өзінің зейнетақы жинағын тек зейнетке шыққаннан соң ғана пайдалана алады.Бірақ олардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіні түсінікті жағдай.Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.
Тұрғын үй саясаты бойынша- бастапқыда әлеуметтік мүддеге орайластырылған "7-20-25" бағдарламасы аясында қарыз алушының отбасылық табысы орташа есеппен айына 320 мың теңгені құрауы тиіс. Табысы аз адамдар бұған қатыса алмай отыр.Сондықтан биыл Елбасының бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа "Бақытты Отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өте тиімді жеңілдік. Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша кем дегенде 6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осындай 10 мың отбасы баспанамен қамтылады.
Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық. Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет. Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 миллиард теңгеден астам қаражат бөледі.
Жеке бизнесті осы жұмыстарға тарту үшін жаңа шаралар қабылдап, мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін жұмылдырған жөн.
Азаматтар әкімдік беретін әлеуметтік пәтерлерге кезекке тұру және оның жылжу үдерісінің ашық болмай отырғанына наразы
Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы стратегиялық, мемлекеттің негізін анықтайтын құжат. Отаның гүлденуі үшін әрбір қазақстандық өз үлесін қосу қажат.Елбасымыздың "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.