Date of publication: 26.09.2019 18:30
Date of changing: 22.11.2019 14:35

ҚҚС бойынша бақылау шоты

 

Қазақстан Республикасында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы есепке алу есебімен қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілердің ҚҚС-ның арнайы бақылау шотын пайдалануы арқылы тауар мәмілелері бойынша ақша қозғалысын және ҚҚС сомасын бөлек есепке алу тетігі енгізілді.

ҚҚС бақылау шоты - бұл ҚҚС төлеушілер Екінші деңгейдегі банктерде ашқан банктік шот, ол қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуға арналған.:

  • импортқа және резидент емес үшін ҚҚС қоса алғанда, бюджетке ҚҚС төлеуі;
  • тауарларды жеткізушілерге ҚҚС төлеуі;
  • тауарларды сатып алушылар (алушылар) ҚҚС төлеуі;
  • басқа банкттік шоттан ҚҚС төлеушілермен ақша аударуы;

Бұл механизмнің негізгі қағидаты - тауарлардың түпкілікті тұтынушыларына кейіннен жеделдетілген ҚҚС қайтару үшін нақты уақыт режимінде салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің ашықтығы және ҚҚС-ты бақылау.

ҚҚС бақылау шоттарын қолданатын экспорттаушылар үшін қайтару мерзімі 55-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл ретте ҚҚС қайтару тексеру жүргізбей және тәуекелдерді басқару жүйесін қолданбай автоматты түрде жүргізіледі.  

Салық кодексінің 433 бабына сәйкес салық төлеушілердің  келесі санаттарына ҚҚС асып кеткен соманы қайтаруға құқығы бар екенін ескерту маңызды:

1) сатып алынған немесе алынған тауарларды (сондай-ақ лизинг заттарын) сатып алған немесе алған күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізуге жатпайтын басқа тауарлар өндірісінде пайдаланатын;

2) тауарларды экспортқа өткізушілер;

3) әуе кемелеріне май құю үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпанияларға жанар-жағармай материалдарын өткізетін;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тазартылған алтын өткізетіндер;

5) арнайы экономикалық аймақтар құру үшін толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізетін тауарлар.

Бұл пилоттық жоба ғана екенін атап өткім келеді, оның шеңберінде барлық техникалық мәселелер пысықталып, 2019 жылы ҚҚС бақылау шотын пайдалану тек ерікті негізде орындалады.

 

ШҚО бойынша МКД

басшысының орынбасары

Е.Жолдасбаев