Date of publication: 19.02.2016 09:08
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2016 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, салық төлеушілер, бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен Мемлекеттік кірістер кодексін әзірлеу шеңберінде ұсыныстарды талқылау бойынша бірінші кездесу өтті.   

Кездесуді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысы Н.С. Дроздова ашты, ол қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер кодексі – нормативтік – құқықтық құжатының, яғни салық және кеден заңнамаларын біріктіру   әзірленіп жатқандығын атап өтті. 

Кодексті әзірлеудің мақсаты салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары үшін оңтайлату болып табылады.

Осы мақсатқа, Кодексті әзірлеу процесіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, салық төлеушілердің, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінің және де басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысуларының арқасында жету мүмкін.

Осындай кездесулер ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, сондай-ақ, кеден бекеттері мен ШҚО қалалары мен аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында апта сайын 2016 жылдың 30-сәуіріне дейін өткізілетін болады.

 «Казцветметремонт» ЖШС, «BizCom» ЖШС, «Шығыс Бетон» ЖШС және   «Кен емес материалдар комбинаты» ЖШС түскен ұсыныстар бір күн ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде құрылған Жұмыс тобына жіберілді.