
2019 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен (ҚР ҚМ МКК) «Қазақстан Республикасындағы салықтық рақымшылық, сондай-ақ камералдық бақылаудың және ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізудің бірқатар келелі сұрақтары» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының драма театры ғимаратында Комитеттің Төраға орынбасары Ж.Д.Іңкәрбаевтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының салық төлеушілеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар жұмысына шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бимагамбетов Саят Сайлаубекович ашып, қатысушыларды семинар бағдарламасымен және семинар қатысушыларымен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер төрағасының орынбасары Іңкәрбаев Жайдар Дабырұлы кіріспе сөзбен ашып, бұл іс-шара салық төлеушілерге шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық туралы негізгі ережелерді, жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық, камералдық және экспорттық бақылау мәселелері туралы түсіндіру мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті.
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жүргізу мәселесі бойынша ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Берешектермен жұмыс басқарма басшысының орынбасары Нұртазина Нағима Тұрсынқызы сөз сөйледі, ол өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы салықтық рақымшылықты жүргізудің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтты.
Одан ары жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу туралы ҚР ҚМ МКК-нің Салықтық әдіснама департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Жарылғасынов Дәулет Куанышбекұлы айтып өтті, ол 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салықтық кезеңдері үшін салықтық міндеттемелер бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда, айппұлды есептен шығару жолымен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылықты жүргізудің негізгі ережелерін айтып өтті.
Келелі сұрақтар бойынша ҚР ҚМ МКК-нің Жедел бақылау департаменті Экспорттық бақылау басқармаcының басшысы Исмағұлов Қадыр Рыспанұлы сөз сөйледі.
Өз сөзінде баяндамашы ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізу туралы және 1 қаңтардан бастап 200 тоннадан астам мұнай өнімдерін шыңғарудың 308 әрекеті тоқтатылғандығын айтып өтті.
Әрі қарай сөз ҚР ҚМ МКК-нің Қашықтан мониторинг басқармасының басшысы Ануар Айдарұлы Сулейменовке берілді, ол камералдық бақылау тиімділігі, салықтық бақылау нысандары, камералдық бақылау жүргізудің рәсімдері туралы айтып өтті және камералдық бақылаудың негізгі келелі сұрақтарын қатысушылардың назарына жеткізді.
Салық төлеушілерде тіркеу кезінде сауланама алуға мүмкіндік болды, онда салық төлеушілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
Сонымен бірге, семинарды жүргізу барысында Комитеттің лауазымды тұлғалары жауап берген бірқатар сұрақтар қойылды, экспорттық бақылау, камералдық бақылау, электрондық шот-фактураларды жүргізу және т.б. туралы заңнама нормалары түсіндірілді.
Семинардың соңында Ж.Д.Інкәрбаев залда отырған барлық қатысушыларға семинарға белсенді қатысқандықтары және мемлекеттік кірістер органдарымен тұрақты ынтымақтастықтары үшін алғыс білдірді, сонымен қатар келіп түскен барлық сұрақтардың зерттелетіндігін айтып өтті.