
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы Мемлекет басшысымен ұсынылған салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы реформалар, біріншіден кәсіпкерлердің құқығын қорғау және заңды мүдделерін қорғауға жолданған, бизнес жүргізу үшін тиімді жағдайлар құрылған. Электронды мәлімдеуді енгізу бүгінгі күнде кедендік әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасында тауарларды электронды мәлімдеуді әзірлеу 90 мемлекеттерден астам елдерде белсенді қолданылатын Дүниежүзілік сауда ұйымдарымен және халықаралық стандарттар нормаларына сәйкес электронды мәлімдеу жүйесін іске асыру үшін ASYCUDA бағдарлама платформасында шешілген.
2017 жылдың қазанында «Астана 1» кедендік және салық әкімшілендіру жүйесін автоматтандыруда біріккен кедендік компоненттері енгізілген. Аталған жүйе 5 қолданыстағы кедендік жүйесін біріктіреді және уәкілетті органдардың жүйесімен бірігеді, ол дегеніміз тауарға арналған декларацияның құжаттарын қағаз түрінде емес электронды түрде өткізуге болады.
Тауарға арналған декларацияны электронды түрде өткізу осында көрсетілген мәліметтерді растау құжаттарын ұсынбайды. Сонымен қатар, тауарлардың көптеген үлесі тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен тексеруден соң, тәуекелдердің анықталмаған жағдайда, лауазымдық тұлғанын қатыспауымен автоматты түрде шығарылады.
2018 жылдың қазанынан Кеден одағына мүше - мемлекеттердің кедендік қызметтерінің біріккен алқасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №28/16 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) транзитті тауарлардың электронды мәлімдеу енгізілді. Осы Шешіммен транзиттік декларацияларды электронды түрде ұсыну қарастырылған, сонымен бірге шекарадан қиып өту кезінде кеден органдарына тек көлік (тасымалдау) құжаттары ұсынылады. Тауарлардың коммерциялық құжаттары, соынмен қатар рұқсаттама құжаттары (лицензия, сертификат) кеден органына ұсыну міндетті емес.
Сонымен бірге аталған бағдарламаның оң көрсеткіштері тауарды тәуекел дәрежесі бойынша автоматты түрде жатқызады, ол дегеніміз кеден бақылау шараларын қолдануды кеден органы қызметкерінің қатысуынсыз анықталады.
Келу орнына кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарлады орналастыру үшін бекітілген көлемде алдын-ала ақпаратты ұсынған жағдайда, ұсынылған алдын-ала ақпарат транзиттік декларация ретінде қолданылатын құжаттарда көрсетілген алдан-ала ақпараттар мен мәліметтер ауытқуы болмаған жағдайда транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылады.
Осы норма транзиттік декларацияның электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін өткізу пунктерінде кедендік өкілдерге (брокерлерге) СЭҚ қатысушыларының өтініштерінің қажеттілігінің болмауына әкеледі, ол өз жағынан СЭҚ қатысушылары үшін уақытын және қаржы шығынын азайтады.
Кеден шекарасында тауарлардың ресімдеу уақытын, жемқорлық тәуекелдерін азаю қатарымен, оң факторлармен бюрократиялық кеденгілер азаяды, электронды мәлімдеуді қолдануымен транзитті тауарларды ресімдеу мүдделі тұлғалармен (жүкті жөнелтуші, алушы және тасымалдаушы) тауарларды ресімдеу және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау туралы онлайн-деректерді алу мүмкіндігі болып табылады.