Date of publication: 18.09.2019 16:59
Date of changing: 22.11.2019 14:26

2019 жылы 4 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 90 «Тауарлардың жекеленген түрлерінін импортын автоматты лицензиялау туралы» Шешімі қабылданғанын хабарлайды (2019 жылы 7 маусымда жарияланды).

Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Шешімнің № 2 қосымшасында көрсетілген болат құбырлардың жекелеген түрлерін әкелу сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген негізінде жүзеге асырылатын болады.

Шешім ресми жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес күшіне енеді.