
Құрметті салық төлеушілер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді жоспарлауға байланысты, ағымдағы жылы жеке тұлғалардың жер телімдері және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлайды.
Жүктеме бойынша деректер базасын толтыру, түзету, оны сәйкестікке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл халыққа салықты уақытылы есептемеуге әсер етті.
Сонымен бірге, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ағымдағы жылы Өскемен қаласында есептелген сомаларды Бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) енгізумен жеке тұлғаларға «Қазпошта» АҚ қызметкерлері жеткізетін жеткізу қызметі ұсынылды.
Аталған қызмет бірнеше жылдар бойы Алматы, Нұр-Сұлтан және республиканың басқа қалаларында сәтті жұмыс істеп келеді.
Сонымен бірге, жақын арада жеке тұлғаларға 2018 жылғы кезең үшін 2019 жылдың 1 қазанына дейін төленбеген салық сомасын көрсете отырып, SMS тарату (хабарлама) жеткізу жоспарлануда.
Салықтарды төлеу және есептелген сомалар бойынша түсініктемелерді алуға болатын байланыстар көрсетілген ақпарат, ШҚО бойынша МКД сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Сонымен қатар, салықтар сомасын келесі жолдармен біле аласыз:
1. 1414 нөмірі бойынша бірыңғай республикалық Байланыс-орталығына жүгіну арқылы, қоңырау шалу тегін.
2. 87016027344 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне мекен-жайды, иегердің ЖСН, объектінің орналасқан жерін көрсете отырып, хабарлама жіберу жолы арқылы ШҚО бойынша МКД Колл-орталығына жүгіну арқылы;
3. Электронды үкіметтің E-Gov сайтына, сондай-ақ жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша электронды үкіметтің E-Gov мобильді қосымшасы арқылы;
4. Мемлекеттік кірістер комитетінің KGD.GOV.KZ сайтында жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша алуға болады.
5. Kaspi банк қосымшасын пайдаланушыларға жеке тұлғалардың ЖСН арқылы салықтар бойынша берешектер сомасын тексеру мүмкіндігі бар.