Date of publication: 16.09.2019 17:26
Date of changing: 22.11.2019 14:26

«Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында тоғызыншы тапсырмасында жемқорлықпен күрес және заңның үстемділігі айқындалған.

Бұрын жемқорлыққа қарсы саясат кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тартумен шектелсе, бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы әрекеттегі ақцент оның алдын алуға ығыстырылды.

Біздің басқарма тұрақты негізде жемқорлыққа қарсы тұру, мемлекеттік қызметтер көрсету және заң бұзулыққа жол бермеу мәселелері қарастырылады. Қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін», «Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу бойынша семинар-оқулар жүргізіледі. Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету айқындылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасының ресми интернет-ресурсында нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызметтердің паспорттары, қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, шағымдану туралы ақпарат орналастырылған.

Ақпараттық стендттер, бірінші басшы мен оның орынбасарының жеке қабылдау кестесі орналасқан, БАҚ және басқарма сайтында жарияланған «сенім телефоны» қызмет етеді. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен шағымдарына жәшік орналастырылған.

Сондықтан органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы негізгі бағыт мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру болып табылады.