Date of publication: 05.09.2019 18:35
Date of changing: 22.11.2019 14:25

Салықтық тексеруге іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі №3 бұйрығына және «Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» (бұдан ары-Бірлескен бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №1030 және Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №86 бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бірлескен бұйрықтың 7-тармағымен салық тексерісі субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептелетіндігі бекітілген.

Бірлескен бұйрықтың 6-тармағына сәйкес ашық өлшемшарттар тізбесіне мыналар енгізілді:

1) салықтық жүктемесiнiң коэффициенті;

2) жалған кәсіпорындармен, әрекетсіз салық төлеушілермен және олардың тіркелуін сот жарамсыз деп таныған салық төлеушілермен операцияларды, сондай-ақ сот оларды жасау іс жүзінде жұмыстарды орындаусыз, қызметтерді көрсетусіз, тауарларды тиеп жөнелтусіз жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру;                                                        3) 0,98-ден 1-ге дейінгілерді қоса алғанда аралықтағы түзетуге дейінгі жылдық жиынтық табыс сомасына шегерімдер сомасының арақатынас коэффициенті;                                                                                                         4) корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдердің сомасын ұлғайтумен және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын ұлғайтумен қосымша салық есептілігін ұсыну;                                           5) корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен табыс ету, бұл ретте сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және (немесе) мемлекеттік сатып алуларға қатысу;                      6) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы.               8-тармаққа сәйкес   салықтық тексерулер тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары ықтималдылық көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылығынан шыға отырып ықтималдық көрсеткіші 51 пайыздан артық болған кезде салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.

Салықтық тексеруге субъектілерді (объектілерді) іріктеу нәтижесі бойынша берілген тәуекелдер дәрежесі туралы ақпарат, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық кестесі нысанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында жарияланады.