Date of publication: 05.09.2019 18:00
Date of changing: 22.11.2019 14:25

Салық кодексінің 136-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және салық органдары тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

Салық кодексінің 31-бабына сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салықтық міндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеуші мынандай әрекеттерді жасауға:

1) салық органында тіркеу есебіне тұруға;

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізуге;

3) салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептеуге;

4) Салықтық нысандарды және осы Салық кодексімен белгіленген өзге де нысандарды жасауға;

5) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті.

Сәйкесінше, салықтық міндеттемелерді орындау шегінде салық төлеушілермен жасаған әрекеттерге байланысты әр түрлі тәуекелдер туындайды және тәуекелдер сипатына байланысты салық органдарымен тәуекелдерді бағалау, оларға әрекет ету шаралары мен оларды барынша азайтудың әр түрлі әдістері қолданылады.

Бұл стратегия әлемдік тәжірибеге сай келеді және Салықтық әкімшіліктендіруді реформалау Жоспары аясында халықаралық сарапшылармен ұсынылған.