
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап патент негізіндегі арнаулы салық режимі және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін бақылау-касса машиналарын қолданудан босату бойынша жеңілдіктің күші жойылатындығын хабарлайды.
Бұл ретте бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014-жылғы 5-шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен (әрі қарай - ӘҚБтК) сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбағаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылғанын мәлімет ретінде хабарлаймыз (284-бап).
ӘҚБтК 284 бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану ескерту жасауға әкеп соғады.
ӘҚБтК 284 бабының 1 бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.