Date of publication: 05.09.2019 17:17
Date of changing: 22.11.2019 14:25

 

Ел басының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын  жүзеге асыруды жариялау шеңберінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі қарызды төлеген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілері үшін, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін   өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару жолымен салықтық рақымшылықты жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына (әрі қарай - Заң) қосымшалар енгізілді (57-1,57-3 баптарына).

Заңмен шағын және орта бизнес субъектілері 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 2018 жылғы 1 қазандағы, жеке тұлғалар үшін   2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын (жеке тұлғадан басқасы) есептен шығару қарастырылған.

Сонымен қатар, рақымшылыққа жататын тұлғалардың шеңберін кеңейту үшін, заңды  күшіне 2019 жылдың  26 тамызында енетін  Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2018ж. 27 ақпандағы  № 306 »Есеп беттерін жүргізудің  ережесін бекіту туралы» бұйрығына  қосымша толықтыру енгізілді.

Яғни,  аталған өзгертулерге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазанына дейінгі  қосымша  салықтық есептілікті ұсынылған жәнеде өсімі 2019ж. 1-ші шілдедегі жағдай бойынша төленбегенде, рақымшылыққа жатқызылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық монинторингі басқармасымен   камералдық бақылау  бойыншга жолданған хабарландырулардың  орындалуы талданып  отырады.  2019 жылдың 2-ші қыркүйегі жағдайында, қосымша  салықтық есептілікті ұсынған, бірақ салықты төлемеген 713 салық төлеуші  рақымшылыққа жатқызылады.

Осыған байланысты, салық төлеушілерді 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін   негізгі салықты төлеп, рақымшылықты дер кезінде пайдалануға шақырамыз.