ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 17-ақпаннан бастап әрбір сәрсенбі күні сағат 15.00-де ШҚО бойынша МКД ғимаратында мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 27, 404, 406, 412 кабинеттерде (Түсіндіру жұмысы басқармасы) Мемлекеттік кірістер кодексін (біріктірілген Салық және Кеден кодексі) әзірлеу аясында салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша кездесулер өткізеді.
Осыған байланысты, салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және жалпылау үшін шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қосымша сәйкесінше шаралар ШҚО қалалары мен аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында және «Өскемен-КРО», «Майқапшағай», «Бақты», «Семей», «Әуежай-Өскемен» кеден бекеттерінде жүргізілетінін хабарлаймыз.
Анықтама үшін телефондар: 700459; 265942; 245641.