Date of publication: 27.08.2019 18:25
Date of changing: 22.11.2019 10:04

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 3-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған бұл тауарлар жеке өзіне, отбасына, үйіне және басқа да арналған, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырумен байланыспайтын Еуразиялық экономикалық одақтың ( бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың мұқтаждығы үшін, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғалардың мекен-жайына, немесе ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғалардың атынан тасымалдаушылармен халықаралық пошта жөнелтілімдерде немесе басқада тәсілдер жолымен жіберілетін алып жүретін немесе алып жүрмейтін жүктер.

Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты критерилер, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауар туралы жеке тұлғаның өтініші негізінде ЕАЭО кедендік шекарасын жеке тұлғалардың кесіп өту жиелігі сондай-ақ, саны мен олардың сипаттамасы ЕАЭО Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жүзеге асырады және Еуразиялық экономикалық алқасы (бұдан әрі – ЕЭА) бекітеді.

ЕАЭО алқасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімімен (бұдан әрі – Шешім) ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары:

Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда көліктің әуе түрімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы - құны 10 000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг-нан аспайды.

Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе жолағынан өзгеше көлік түрлерімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы- құны
500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспайды.

Тасымалдаушы ЕАЭО кедендік аумағына жеткізетіндер - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндер құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

Шешіммен белгіленген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері, құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды құрайды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО кеден аумағына тасымалдаушылармен жеткізілетін және халықаралық пошта жөнелтілімдермен жөнелтілетіндер ЕАЭО кеден аумағына кедендік баждардың, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шеңберінде Шешіммен белгіленген құндың нормалардың өзгеретіні қарастырылғанын еске саламыз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құны 200 еуроға бұл ретте салмағы 31 кг төмендейтін болады және жиелік бір жеке тұлға үшін бір мекен-жайға күнтізбелік 1-ай ішінде өзгеріссіз қалады.