
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап Түркіменстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың, сондай-ақ Түркіменстанның кеден органына ұсынылатын құжаттарға талаптарды күшейту басталады.
Түркмен кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік транзит кеден рәсіміне орналастыру ASYCUDA World кедендік ақпараттық жүйесіне енгізілген Т1/Т2 транзит модулін қолданып автоматтандырылған кедендік ресімдеу жолымен жүргізіледі.
Түркмен кедендік заңнамаларына сәйкес кедендік транзитке рұқсат алу үшін тасымалдаушы жөнелту кеден органына келесі мәліметтерден тұратын кез-келген коммерциялық, тасымалдау (көліктік) құжаттарды және (немесе) кедендік құжаттарды ұсыну қажет:
- тауарлар жөнелтушісінің (алушысының) атауы мен орналасуы туралы;
- тауарларды жөнелту (межелі) елі туралы;
- егер кедендік транзитке рұқсат алушы экспедитор боса экспедитордың немесе тауарлар тасамалдаушысының атауы мен орналасуы туралы;
-жүк орындарының жалпы саны туралы;
- Туркменстан кедендік аумағы бойынша тасымалданатын көлік құралы туралы, ал егер автокөлік құралында тасымалданатын болса көлік құралының жүргізушісі туралы;
- түрлері немес атауы, саны, тауарлардың құны, салмағы немесе көлемі, Тауарларды сипаттау және кодтау гармонизациялық жүйесіне сәйкес тауарлардың сыныптамалық коды туралы:
- тауарлардың жеткізілу пункті туралы;
- жол барысында жоспарланған тауарларды қайта тиеу немесе басқа операциялар туралы;
- жоспарланған тауарларды тасымалдау мерзімі туралы;
- егер тауарлар белгіленген бағдар бойынша тасымалданса сол бағдар туралы.
Кедендік ресімдеуді жылдам жүргізу мақсатында кедендік ресімдеу жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (тауарлар туралы мәліметтерді де), түркмен тілінде беру ұсынылады.
Осыған байланысты, Түркіменстанның кедендік аумағы бойынша тауарлардың кедендік транзитіне арналған рұқсаттарды уақтылы алу мақсатында, тасымалдаушыларды Түркіменстанның кеден органдарында кедендік бақылаудың күшейтілгені туралы хабарлауды сұраймыз.