Date of publication: 10.02.2016 14:57
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 04 ақпан күні Семей қаласыңда «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадам шегіндегі кедендік және салықтық әкімшілендіру. 2016 жылдың 1 қаңтардан бастап салық және кеден заңнамасына еңгізілген өзгерістер» тақырыбында кезекті семинар өтті.

Семинарға 500-ден аса шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдарының және Мемлекеттік кірістер департаментінің, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  өкілдері қатысты.

Семинарды Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Әділбаев Қанат Серікқанович ашты. Ол өз сөзінде, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында кедендік және салықтық әкімшілендірумен байланысты міндеттерді атап өткендігі туралы айтып өтті.

Президентпен мынадай ұсыныстар:

Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру,бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту, экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу, электронды жария ету жүйесін дамыту, экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, «Постфактум» кедендік тазалау режимін енгізу, мүлікті жария ету ресімін оңтайландыру, кірісті және шығыстың жалпы жариялауды кезең-кезеңімен енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу,жанама салық салу тетіктерін жетілдіру, қолданыстағы салық режимін оңтайландыру ұсынылды.

Семинар барысында, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқармалар және бөлімдер басшылары салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер мен жаңалықтар туралы толық айтып өтті.

Сонымен, ШҚО бойынша МКД ТЖБ салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К. Сабралимова «Корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, халықаралық салық салу, арнайы салық режимі, салықтық әкімшілендіру, жалпы жағдай жөніндегі ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы» баяндама оқыды. Бұдан ары «ҚҚС, акциз, үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру мәселесі бойынша ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтты. Қазақстан Республикасының ДСҰ қосылуына байланысты тауарларды есепке алудың бірқатар мәселелері туралы» ШҚО бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы К.Ш. Мухаметкалиев түсіндірді. «Өндірістік емес төлемдер бойынша ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы түсіндірді. Мүлікті жария ету және жалпы салықтық жариялауды енгізу туралы» ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.К. Қамбаров атап өтті.

«Оңалту және банкроттық туралы» енгізілген өзгерістер туралы ШҚО бойынша МКД борыштармен жұмыс басқармасының басшысы С.А.Калжанов сөз сөйледі.

«Семей» кеден бекетінің жетекші маманы А.Т.Байскаков Кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының ДСҰ енуіне байланысты кедендік баждардың мөлшерлемелерін қолдану туралы таныстырды.

Баяндамаларды оқу слайдтарды көрсетумен қатар жүрді.

Семинар аяқталғаннан кейін, түсіндіру жұмысы секторларда жалғасты. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілерді толғандырған барлық сұрақтарға жауап берілді және ҚР салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы кітапшалар таратылды.