Date of publication: 12.08.2019 14:48
Date of changing: 21.11.2019 17:53

Шығыс-Қазақстан облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті   жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды.

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-3-бабын (бұдан әрі – Заң) жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі                            № 797 бұйрығымен бекітілген.

Ереже   2019 жылғы 13 тамызда қолданысқа енгізіледі.

Салықтық рақымшылыққа азаматтардың екі категориясы жатады.

Бірінші категория – орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар (көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері). 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары рақымшылыққа жатады.

Жеке тұлғалардың бірінші каттегориясы бойынша дербес шоттарға,  2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңі үшін толығымен есептеуді   түгендеу жүргізгеннен кейін өсімпұлды есептен шығару жүргізілетініне назар аударамыз.

Екінші категория – кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар),  жергілікті ақпарат жүйесінен «БСАЖ» АЖ-не өткен кезде, он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар. Бұл ретте осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ. Бұл категория бойынша салықтық берешектің барлық сомасын есептен шығару қажет.

Осылайша, салықтық берешекті есептен шығару үшін үш талапқа сәйкестік қажет:

  • бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға;
  • кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар) салықтық берешегі бар;
  • кәсіпкерлік қызметі бойынша жоғарыда көрсетілген берешек он бес жылдан артық есептелген.