
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының құрылуына 5 жыл толуы қарсаңында, мемлекеттік қызмет көрсетулердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өткен жөн.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының басты стратегиялық міндетінің бірі мемлекеттік қызмет көрсетулер, өйткені сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамыуының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі барлық қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне 45 мемлекеттік қызмет түрлері енгізілген, соның ішінде 26-сы «электронды үкімет» порталы арқылы. Сонымен қатар 2019 жылы тиімдеу жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтердің 80%-ын электронды форматқа ауыстыру жоспарлануда.
Сонымен қоса, қызметалушыларға қолайлылы болу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» арқылы 15 қызмет түрі, баламасыз негізде – 5 қызмет түрі көрсетіледі.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: әлемдік бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберіндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау барысында, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетімен мемлекеттік қызмет көрсетулерді азайту және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ұйымаралық комиссиясымен 2017-2018 жылдары, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» арқылы көрсетілуге жататын, Министрлікпен көрсетілетін қызметтерді қысқарту және автоматтандыруды енгізу үшін жол картасы әзірленді. Жол картасы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін қысқартуды және мемлекеттік қызметтерді алуда ұсынылатын құжат санын азайтуға және электронды форматқа ауыстыруды қарастырады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 813,5 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, соның ішінде:
Электронды түрде – 752,6 мың немесе 92,5 %;
Қағаз түрде – 60,9 мың немес 7,5%.
Ең сұранысқа ие электронды қызмет түрлері болып төмендегідей қызмет түрлерін атап өтуге болады. «Салық есептілігін қабылдау» «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шотынан үзінді көшірме», «Мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру есебі».
2014 жылдан бастап мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер болды. Мысалы, салық есептілігін қысқарту, жекелеген нысандарын бір нысанға біріктіру арқылы және нысандардағы қосымшалардың санын азайту, арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат беру тәртібі жойылып, арнаулы салық режимін таңдаудың хабарлама тәртібі енгізілді, дара кәсіпкерді тіркеу кезінде алынатын төлем алынып тасталды, қатаң есептілік бланкі болып табылатын дара кәсіпкерді тіркеу куәлігі және патент жойылды, «Салық есептілігін табыс етуді ұзарту» «Жекелеген кәсіп түрімен айналысатын салық төлеушілері тіркеу есебі» хабарлама түріне көшірілді, «Электронды үкімет» порталында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде онлайн түрде тіркелу іске қосылды, жекелеген мемлекеттік қызмет түрлерін алуда құжаттар саны және қызметті алу уақыты азайтылды.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен қызмет көрсету кезінде қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қызмет көрсету орталықтарын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, мемлекеттік кірістер басқармаларының барлық қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетудің «кедергісіз» қағидасына көшірілді, МКБ-ның ғимараттарында пандустар, конструкциялар орнатылды, мүмкіндігі шектеулі жандарға МКБ қызметкерін шақыру батырмасы қойылып, Терминалдар, сонымен қатар салық төлемдерін төлеу үшін «Қазпошта» АҚ және Екінші деңгейлі банктердің кассалары орнатылды, салық есептіліктерін электронды түрде жіберу үшін «Өзін-өзіне қызмет көрсету терминалдары» қызмет жасауда.
Салық төлеушілерге қызмет көрсету процесін ұйымдастыру және одан да қолайлы жағдай жасау үшін ірі екі қалада, Семей және Өскемен қалаларында, кезекті электронды басқару жүйесі іске қосылды. Сонымен қоса аталған МКБ-да орталық қызметкерлерінің түскі үзіліссіз, сырғымалы жұмыс кестесі және «анықтама» модераторы енгізілді.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1-қазанынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік қызмет көрсету «эксаумақтық» қағидасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, яғни қызмет алушы тұрғылықты тіркеу жерінде ғана емес, кез келген мемлекеттік кірістер органдарында қызмет алуына болады.
Тұтастай алғанда, мемлекттік қызметті алушыларға мемлекеттік кірістер органдары саласы барынша қолайлы жағдайлар тудыруда. Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік кірістер органдарында өз жалғасын табуда.