Date of publication: 09.08.2019 14:37
Date of changing: 21.11.2019 17:51

Мен, ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің бас маманы Ғазиз Ұлыкбекұлы Молдажанов,  кеден органдарында 30 жылға жуық  қызмет атқарып келемін. Кеден органдарындағы өз еңбек жолымды КСРО Қазақ республикалық кедені «Бақты» кеден бекетінің инспекторы лауазымынан бастадым.

Кеден органдарының ардегері бола отырып, жас қызметкерлерге  Отан алдындағы жауапкершілікпен борыш сезімін, кеден органдарының қызметкері атағын абыроймен алып жүру және лауазымды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құқыққа қайшы әрекеттерден, атап айтқанда сыбайлас жемақорлық озбырлығынан қорғауды, тәлімгер ретінде түсіндіру керектігін сезінемін. Кеден саласынының қазіргі заманының маманы бір жағынан тиісті білімге, кәсіби және тұлға ретінде өсуге, екінші жағынан адамгершілік қасиетке ие болуы қажет. Осы қасиеттердің жоқтығы біздің қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеледі. Ал ол өз кезегінде, ұлттың дамуына, мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына  кері әсер етеді. Нақтырақ айтқанда, кеден саласының маманы еліміздің экономикалық мүддесін, мемлекеттік қауіпсіздікті, адамдардың денсаулығы мен өмірлерін есірткі, қару, оқ-дәрілердің және басқа да тыйм салынған заттардың  контрабандасымен қүрес жүргізу үшін  нақты дайындығы мен қабілеті болуы керек. Егер ұлтжандылық, қызметтік борыш сезімі, қолайсыз жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу, кәсіби жауапкершілік  сияқты жоғары адамгершілік қасиеттер жас маманның  мінез-құлығында болса, қызметтіқ міндеттін адал неитпен атқару қамтамасыз етіледі.

Кеден қызметі саласының ардагері ретінде, жоғарыда айтылған жас маманның кәсіби қызметінде адамгершілік қаситеттерін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жолында дұрыс бағыт екендігіне сенім білдіремін.