
2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 119-бабы 1-тармағына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар төлеу орны бойынша кеден органы өндіріп алады.
Осымен бірге, «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің біріктірілген кедендік құрамдауышын (АСТАНА-1) тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы» Комитет Төрағасының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 136 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша төлеушілердің дербес шоттарын КААЖ-2 ҚБҚ АЖ-дан ОБДШ АЖ-ға көшіру жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №КГД-18-33632-КГД-14590 хатымен, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес, салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған және (немесе) салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік кірістер органы борышкер және оның мүлкі туралы мәліметтерді дерекқорға енгізеді.
Сондай-ақ салықтық берешек бойынша мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шараларын қолдану бойынша 2016 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінің (бұдан әрі - ҚР БСАЖ) бағдарламалық қамсыздандырудың жаңартуы жүзеге асырылды, ақпарат жүйесінің жаңаруы нәтижесінде салық төлеушілерге, екінші деңгейдегі банктерге, әділет органдарына салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды (хабарламалар, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім, инкассалық өкім, салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім) мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдерді қолдану бойынша жолданатын құжаттарды қалыптастыру және жөнелту үдерісі толығымен атоматтандырылды.