Date of publication: 08.08.2019 10:20
Date of changing: 21.11.2019 11:08

«Майқапшағай» кеден бекеті – Қазақстанның бес қақпасының бірі, Қытай Халық Республикасының «Жеменей» кеден бекетімен шекаралас. Тек 1 шақырым Қазақстанды алыс шетелден бөледі. Бұдан екі ғасыр бұрын көршілес елдің саудагерлері бір-біріне қатынасып, кейн бұл таулы және дала өңірлерінде адамдар алғаш рет «кеден» сөзін қолдана бастады. Кеден арқылы балық, маталар, ыдыстар, шай, жыдқының қылы, үйге арналған жабдықтар және жабайы аңдардың терілері, ағаштан жасалған бұйымдар, көптеген заттар өткізілді.

Кеңес Үкіметі құрылғаннан кейін, 1918 жылы «Жергілікті кеден мекемелерінің қызметін қалыптастыруда, орталық және жергілікті үкіметтің баж салығын жинау құқығын шектеу туралы» Декрет қабылданды. 1925 жылы «Тауарларды қабылдау, тексеру, шығару, өткізу және жолаушы жүктерін Қытай, Монғолия шекараларынан өткізу туралы ережелер» бекітілді.

Көптеген жылдар өтсе де, осы уақытқа дейін осындай Декрет, Ережелер өзгерсе де, олардың мәні елдің экономикалық қауіпсіздігі болып қала береді.

Мұрағат деректеріне сәйкес 1936 жылдан бастап Алматы бөлімшесінің Майқапшағай кедені, 1940 жылдан – Сыртқы сауданың халық комитетінің (Наркомвнешторг) Бас кеден басқармасының Майқапшағай кедені, 1946-1964 жылдары – КСРО Сыртқы сауда министрлігі Бас кеден басқармасының 3-сыныпты Майқапшағай кедені жұмыс істеген. Сол жылдардағы штат саны 4 бірлікті құраған.

Тәуелсіз Қазақстанда 1992 жылдың мамырында Шығыс аймақтық кеденіне қарасты Майқапшағай кеден бекеті құрылды, кейін 1992 жылдың 22 желтоқсанындағы №62 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Майқапшағай кеден бекеті Шығыс аймақтық кеденіне қарасты Майқапшағай кедені болды.

«Майқапшағай» автоөткелі Қытай Халық Республикасының шекарасымен шектесе аудан орталығы - Зайсан қаласынан 70 шақырым, облыс орталығы - Өскемен қаласынан 460 шақырым қашықтықта орналасқан. Негізгі автомагистраль, «Майқапшағай» автоөткелінен басталған, «Майқапшағай-Омск» халықаралық автожолы болып табылады.

2001 жыл кеден бекеті тарихында ерекше орын алды. 2001 жылдың 3  желтоқсанында №1556 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Майқапшағай» өткізу пунктіне халықаралық мәртебе берілді.

 2007 жылдың 28 тамызыдағы №747 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Майқапшағай» кедені Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Майқапшағай» кеден бекетіне қайта құрылды.

2014 жылдың 15 тамызындағы № 933  «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомствалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен және 2014 жылдың 4 қарашасындағы №476 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының құрамы мен штаттық санын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатсышының бұйрығымен кеден бекеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекеті болып қайта құрылды.

Әр жылдары Майқапшағай кеденіне басшылық еткен: С.З. Жамигулов, В.А. Иславин, Е.М. Абдрахманов, Б.С. Конырбаев, А.О. Искаков, Е.К. Ертуганов, Б.К. Смагулов, А.А. Асанбаев, А.Б. Малгаждаров, А.К. Уалиев, А.Д. Смайлов, А.К. Бекбергенов, М.К. Абдразаков, Н.К. Азимбаев, Б.О. Кунакынов, Р.А. Сейлханов, Т.Ж. Бейсекенов.

2018 жылдың сәуірінен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің басшысы ретінде Ержан Советович Омарбаев тағайындалды.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан, Қазақстан Республикасы егемендігі мен Шығыс аймақтық кеденіне қарасты Майқапшағай кедені құрылған күнінен бастап қызметте жүрген ардагерлерде бар, олар Г.Т.Байтурсынова, Р.М. Байдашев, Б.Х. Оспанов, Б.Р. Коканова, А.Х. Абдулкасумова, К.М. Токтиев, С.К. Төленгітова, Р.А. Каскенов, Б.Б. Слямов.

2013 жылы қазіргі заманға сай біріңғай «Майқапшағай» бақылау-өткізу пункті пайдалануға берілді, өткізу қабілеттілігі тәулігіне 2000 астам жеке тұлғалар, 150-200 көлік құралдары. Кеден бекеті аумағында қазақстан-қытай шекарасындағы үлкен болып саналатын, 9,960 га аумақта орналасқан 2 ғимараты бар.

Сонымен қатар, өткізу пункті тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), «Янтарь» радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, электрондық өткізу пункті (ЭӨП), Инспекциялық тексеру кешені (ИТК), тереңдетілген қарау пункті сияқты, кедендік бақылаудың жоғары технологиялық құралдарымен жабдықталған.

2013 жылдың маусымынан «Сарыбулак-Зимунай» газ құбыры арқылы ҚХР-ға табиғи газ экспорты жүргізілуде.

Кеден бекетінің қызметкерлері өткізіліп жатқан мәдени-спорттық шараларға белсенді түрде қатысады. Спортпен шұғылдануда көп көңіл бөледі. Футбол, волейбол, теннис спорт түрлерінен құралған командалар қандай болмасын сайыстан чемпион, жеңімпаздардың  кубкілер мен мақтау қағаздармен оралады. Кеден бекетінің басшысы Е.С. Омарбаевтың жетістіктерін айта кеткен жөн – үш мәрте әлем чемпионы, самбо күресінен Халықаралық спорт шебері. Е.С. Омарбаев - ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Майқапшағай» кеден бекетінің мақтанышы, үнемі жүлделі орындар иеленіп, кеден қызметінің абыройын көтеріп, намысын қорғауда.