Date of publication: 08.08.2019 09:05
Date of changing: 21.11.2019 11:06

ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға келесі тауарлар енгізілуі мүмкін:                                                       Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда көліктің әуе түрімен әкелінетін тауарлар  құны 10 000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг-нан аспайды.

Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе жолағынан өзгеше көлік түрлерімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы- құны
500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспайды.

Тасымалдаушы ЕАЭО кедендік аумағына жеткізетіндер - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндер құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

Көрсетілген нормалардан асып түскен жағдайда құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды құрайды.

Бұл ретте, ЕАЭО кедендік аумағына алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары бұрын қолданыста болған және жол жүру жолында және (немесе) межелі орнында қажетті жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алмай айқындалады.

         Тауарларды бұрын пайдаланылғандар қатарына жатқызу өлшемдері:

жол жүру жолында және (немесе) межелі жерде, оның ішінде маусымдылығын, сапар мақсатын, көлік түрін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өту жиілігін ескере отырып, пайдаланудың жалпы қабылданған (дәстүрлі)  тәжірибес

тозу (оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар), жуу, өзге де пайдалану белгілерінің болуы;

жапсырмалардың, заттаңбалардың, бастапқы ораманың, оның ішінде жеке өткізілетіндердің, оның бастапқы жай-күйін экономикалық тиімді тәсілмен қалпына келтіруді болғызбайтын тәсілмен бүлінген қаптаманы қоспағанда, болмауы;

тауарды пайдаланудың жалпы қабылданған (дәстүрлі) тәжірибесі үшін, оның ішінде сапардың маусымдылығын, мақсатын, көлік түрін, жол жүру жолындағы және (немесе) баратын жердегі объективті қажеттілігін ескере отырып, бірлі-жарым немесе өзге де мөлшерде әкелу.