Date of publication: 07.08.2019 14:24
Date of changing: 21.11.2019 11:03

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толады. 14 тамыз 2019ж.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні.

        Мемлекеттік кірістер органдарының  негізгі мақсаты салықты, кедендік және бюджетке  төленетін басқа да  міндетті төлемдерді толық және уақтылы түсуін,  өз құзыры шеңберінде көлеңкелі экономикамен күресіп,  Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

        Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында маңызды орын алады.

        Қоғамдағы әлеуметтік орнықтылықты, еліміздің экономикасының өрлеуін, салықты, кедендік және бюджетке  төленетін басқа да  міндетті төлемдерді толық және уақтылы түсу тиімділігін арттыру, салық төлеушілірдің құқықтық сауаттылығын  және  салықтық мәдениеттілігін қалыптастыру, осының бәрі  мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жан кешті еңбектерінің нәтижесі.

       Осыған орай, 1993 ж.  17 желтоқсан айынан бастап салық  саласында, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысының тиімділігі және жақсаруына өз үлесін қосып келе жатқан маман Балапанов Серікхан Қожабайұлының еңбегін атай кету орынды.

       Балапанов Серікхан Қожабайұлы 1956 ж. туған,  ұлты қазақ, білімі жоғары. 1979ж. Өскемен құрылыс-жол институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, 1997ж. Республикалық есеп қызметкерлері институтын «өнеркәсіптегі бухалтерлік есеп» мамандықтары бойынша бітірген. Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 1993ж. желтоқсан айынан бастап қызмет істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл.

       Балапанов Серікхан Қожабайұлы мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметі барысында, өзін сауатты да, білікті және өзіне де, салық төлеушілерге де талап қоя білетін, жауапкершілігі жоғары маман ретінде көрсете білді. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруды назарда ұстады. Ұжымдағы әріптестерімен қарым-қатынаста әрдайым көмек қолын созып, жас мамандарға білгенін үйретуден жалықпайды. Ұжымдағы әріптестерінің арасында үлкен беделге ие. Салық төлеушілермен жұмыс барысында өзін салмақты ұстап, мемлекеттік қызметкер атына кір келтірмеуге тырысады.

       Ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласады. 2002ж. бастап үздіксіз Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының кәсіподақ ұйымының төрағасы  қоғамдық қызметін атқарды. Еңбектегі және  ұжымның қоғамдық өміріндегі  жетістіктіктері үшін 29 қараша 2016ж.  Қазақстан Президентінің  бұйрығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалымен марапатталды, әр түрлі деңгейдегі марапаттау қағаздарына ие.

        Балапанов Серікхан Қожабайұлы үш бала тәрбиелеп өсірді, олардан бес немере көріп отыр. Балапанов Серікхан Қожабайұлының ширек ғасыр өзінің саналы өмірін мемлекеттік қызметке арнап зейнеткерлік жасқа дейін жетуі, артынан ерген жас мамандарға үлкен үлгі болып табылады.