Date of publication: 06.08.2019 16:00
Date of changing: 21.11.2019 11:00

Халықаралық саудада айналымда жүрген барлық тауарлар номенклатурада сыныптау объектісі болып саналады.

Еуразиялық экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауарларды жіктеу сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларына (бұдан әрі – СЭҚ қатысушысы) ең маңызды мәселе болып табылады.

Біріншіден, ЕАЭО СЭҚ ТН қандай сыныптамалық кодына тауар жатқызылатынына байланысты кедендік әкелу/әкету бажының ставкасы, тиісінше, төленетін кедендік төлемдердің мөлшері, тауарлар мен көлік құралдарына тарифтік емес шараларды, тыйм салулар мен шектеулерді қолдануы болады.

Екіншіден, тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН қандай да бір жіктеу кодына жатқызу көбінесе арнайы техникалық білімнің болуын және тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оның өндіру тәсілдерін және т.б. анықтауға байланысты қосымша сараптамалар жүргізуді талап етеді.

Үшіншіден, тауарларды жіктеу дәлдігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік саясатын әзірлеу және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылау процесінде оны іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау кезінде пайдаланылатын сыртқы сауданың статистиканың объективтілігін арттыру үшін де үлкен маңызға ие.

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу олардың сандық сыныптау кодтарын айқындауды білдіреді, яғни тауарларды СЭҚ ТН нақты тауар позицияларына, субпозицияларына, кіші субпозицияларына олардың тиісті сандық кодтарымен жатқызуды білдіреді және тауар позицияларың мәтіндеріне және бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерге сүйене отырып және егер мұндай мәтіндерде өзгеше кезделмесе Сыртқы экономикалақ қызметінің тауар номенклатурасының түсініктеме берудің негізгі қағидаларына (бұдан әрі – СЭҚ ТНҚ) сәйкес жүзеге асырылады.

            СЭҚ-тің қазіргі заманғы халықаралық тәжіребисінде пайдаланылатын тауарлардың номенклатурасын құру ұзақ тарихы болды.

            Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты мен импортын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін ЕАЭО СЭҚ ТН халықаралық жіктеуіш қолданылады.

Оны құрудың негізіне халықаралық сауда тәжірибесі және Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияның ережелері салынған. Осылайша, ЕАЭО СЭҚ ТН негізінде Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің номенклатурасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ТМС СЭҚ ТН) салынған.

Тауардың кодтық белгілеуінің алғашқы алты белгісі ГС номенклатурасына, жетінші және сегізінші белгілері – Еуропалық қоғамдастықтың Құрамдастырылған номенклатурасына, тоғызыншы белгісі – ТМД СЭҚ ТН сәйкес келеді. Тауар кодының оныншы белгісі ЕАЭО СЭҚ ТН деңгейінде тауарларды нақтылауға арналған.

ЕАЭО СЭҚ ТН-да белгіленген белгілер мен сыныптау ережелеріне сәйкес тауарларды сыныптау топтамасына бір мәнді жатқызу қағидасы нақты сақталады.

Жіктеу белгісі (критерий) – жіктеу негізіне алынған объектінің (тауардың) қасиеті немесе сипаттамасы (дайындау материалы (шикізат түрі), химиялық құрамы, құрылымы, мақсаты, қолданылуы, конструкциясы, дайындау технологиясы, өңдеу түрі, өңдеу дәрежесі және т.б.).

ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды сыныптау кезінде тауарларды сыныптаудың алты ережесі қолданылады – бұл Конвенция ережелерінде айқындалған СЭҚ ТН ТНҚ, ретімен қолданылады, оларды кеңейту мүмкін емес және жол берілмейді.

 

Бірдей заңды күші бар ЕАЭО СЭҚ ТН ажырамас құрылымдық элементтері:

- сыныптау бөлігі – тауар позициялары, субпозициялар және оларға қатысты сандық кодтар;

- бөлімдерге, топтарға, позицияларға, субпозицияларға, кіші субпозицияларға ескертпелер, сондай-ақ қосымша ескертпелер;

- СЭҚ ТН ТНҚ.

Тауарды нақты жіктеу үшін ол дайындалған материалды, оның құрылымын және мақсатын, жұмыс принципін жақсы білу қажет, кейде дайындау технологиясын, тауар позицияларының сипаттамаларында көптеген тауарлар сипатталатын тар кәсіби терминдерді білу қажет.

Тауардың шығарылған елі тауарды елдің кедендік аумағына әкелуді және тауарды осы аумақтан әкетуді реттеудің тарифтік және тарифтік емес шараларын қолдану, сондай-ақ сыртқы сауда статистикасында тауарлардың есебін қамтамасыз ету мақсатында айқындалады.

Тауардың шығарылған елін айқындау халықаралық практика қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Елдің заңнамалық актілерінде белгіленген өлшемдерге сәйкес тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ел тауардың шығарылған елі болып есептеледі. Бұл ретте, егер тауардың шығарылуын айқындау мақсатында оларды бөлу қажеттігі болса, елдер тобы, елдердің кеден одақтары, елдің өңірі немесе бөлігі тауар шығарылған ел деп түсінілуі мүмкін.

Кедендік баждың ставкасы тауардың шығарылған еліне байланысты белгіленеді. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдануы тауарлар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі.

Кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану (тарифтік преференциялар беру мақсаттарын қоспағанда), тарифтік емес реттеу және ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, тауарлардың шығарылу таңбалануына қойылатын талаптарды белгілеу, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру, тауарлардың сыртқы саудасы статистикасын жүргізу мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен бекітілген Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес қағидалары) қолданылады.

Дамушы елдерден немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден - Одақтың бірыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары қолданылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мемлекет-қатысушыларда шығарылатын және олардың арасындағы сауда айналымында жүрген тауарлардың шығарылған елін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 1478 қаулысымен бекітілген 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.