Date of publication: 06.08.2019 14:41
Date of changing: 21.11.2019 11:00

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды импорттаған жағдайда салық төлеуші импортталған тауарларға қатысты жанама салықтар бойынша декларацияны және салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішін (өтініштерін) электрондық нысанда ұсынуға, сонымен қатар импортқа ҚҚС 12% мөлшерінде төлеуді жүргізуге міндетті.

Қазақстан республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI заңымен қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 438 бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер болып мыналар табылады:

 тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар:

резидент-заңды тұлға;

егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

егер резидент-заңды тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылған жағдайда, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімінің негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;

Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;

нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеке практикамен айналысатын, тауарларды импорттайтын адамдар;

медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;

кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

 

Салық салынатын импорт болып мыналар табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда).

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жанама салықтарды төлеу және салық есептілігін ұсыну бойынша салық міндеттемелерінің орындалмағаны немесе уақытылы орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен әкімшілік жауапкершілік көзделген, осыған байланысты салық төлеушілерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде туындайтын салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға шақырамыз.