Date of publication: 29.07.2019 13:04
Date of changing: 22.11.2019 11:09

ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері тұрақты түрде өздерінің қызметінде кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып, кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтаумен, жолын кесумен айналысады. Кедендік бақылау нысандарының бірі – кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру болып табылады. Кедендік бақылаудың нысандары мен әдістерін қолдану кезінде кеден қызметкерлері айтарлықтай зиян келтіретін құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Осындай мысалдардың бірі, 2019 жылдың 23 шілдесінде жүк таситын көлік Қытай Халық Республикасынан ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетіне салмағы 2335 кг. болатын 101 орындық «заготовки верха обуви для взрослых без подошвы» тауарымен келді.

«МТ-1213L» жылжымалы интраскопиялық тексеру кешенін қолдану арқылы қаралғаннан кейін көлік құралы ресімделмеген тауарлардың болу күдігімен кедендік тексеруге жіберді.

Кедендік тексеру барысында кеден бекеті қызметкерлерімен салмағы 12956,4 кг, 531 орындық (63720 дана), кедендік құны 22 310 293,33 тенге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 2 677 235,2 тенгені құрайтын ресімделмеген «заготовки верха обуви для взрослых без подошвы» тауары анықталды.

Бұл жағдайда, ӘҚтҚРК 551-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері бар екенін ескере отырып, жүкті алушыға айыппұл түрінде 80 АЕК мөлшерінде, немесе 202 000 тенге айыппұл салынды.

Сеитов М.Д., Токтиев К.М., Есембаев А.К. сияқты тәжірибелі кеден қызметкерлері аталған құқық бұзушылықты анықтауға ат салысқан, күн сайын кеден саласындағы құқық бұзушылықпен күреседі, кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алады, осылайша мемлекеттік бюджетті толықтырады.

ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің жетекші маманы Рамазанов А.А.