Date of publication: 25.07.2019 09:47
Date of changing: 22.11.2019 10:40

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, ҚР Салық кодексінің 554 бабының 4-ші тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және сатуға лицензия беру үшін келесі лицензиялық алымдар белгіленеді:

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2019 жылда 1АЕК=2525 тенге, алымның мөлшері (200х2525=505000 тенге) болады);

- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату, қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (100х2525=252500 тенге) болады);

- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (70х2525=176750 тенге) болады);

- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (30х2525=75750 тенге) болады).

 

Лицензияларды қайта рәсімдегені үшін, лицензиялық алымның мөлшері, лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % болып белгіленеді:

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 20 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (20х2525=50500 тенге) болады);

- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату, қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 10 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (10х2525=25250 тенге) болады);

- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 7 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (7х2525=17675 тенге) болады);

- ауылдық елді мекендерде – 3 АЕК (алымның мөлшері 2019 жылда (3х2525=7575 тенге) болады).

 

Лицензиялық алымның сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төлеушінің тұрған жері бойынша 105402 БЖК-ға төленеді.

 

Лицензияны алынғанға дейін немесе оны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алымның сомасын белгіленген мөлшерінде қатаң түрде төленуі керек.

Лицензиялық алымның сомасы артық төленген кезде, ҚР Салық кодексінің 101-ші бабына сәйкес, салық төлеуші салықтың басқа түрлеріне есепке жатқызу туралы немесе қайтаруға өтініш жасайды.