
Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықты алдын алу үшін
ҚР заңнамасындағы жаңалықтар – еліміздің бюджетін заңды толтыру құралы ретінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру кезінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер енгізілген.
Бағдарламаның 54 қадамы - кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді. Олардың ұсыныстары мен пікірлерін есепке ала отырып Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне (ӘҚтҚРК) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер енгізілген.
Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық ӘҚтҚРК 29 тарауымен қарастырылған, осыған қатысты әкімшілік жазаның басты түрі –әкімшілік айыппұл. СЭҚ қатысушылардың жағдайын жақсарту үшін 01.01.2018 жылдан бастап ӘҚтҚРК өзгерістер енгізілді және бірқатар баптардың санкциясында әкімшілік құқықбұзушылыққа бірінші жаза «ескерту» болып табылады.
Осымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі күшіне енді, онда да өзгерістер енгізілген. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі 150 бабында декларант ӘҚтҚРК көзделген жауаптылыққа мынадай жағдайларда тартылмайтыны айтылған:
1) егер кеден органы кедендік бақылау нысандарын және тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданудың қажеттігі туралы хабардар етпесе, тауарларды шығарғанға дейін бұзушылықтарды дербес анықтаған және жойған;
2) кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлар коды өзгерген;
3) алдын ала шешімді берген кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғанға дейін де, сондай-ақ шығарғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлар коды өзгерген;
4) камералдық кедендік тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе көшпелі кедендік тексерудің нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
5) енгізілетін өзгерістер тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келетін жағдайларды қоспағанда, егер бұзушылықтар төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе, бұзушылықтарды талап қоюдың ескіруі мерзімі ішінде (өздері бойынша көшпелі кедендік тексеру басталған кедендік декларациялардан басқа) дербес анықтаған және өз еркімен жойған;
6) егер енгізілетін өзгерістер төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға әсер етпесе және тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келмесе, бұзушылық туралы талап қойылғанға дейін тауарларға арналған декларацияға өзгерістерді шығарғаннан кейін енгізу арқылы бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
7) 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге тиіс сомаларын толықтырып есептеуге алып келген бұзушылықтарды тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы анықтаған кезде, осындай бұзушылықтарды кеден органы анықтаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларант төленуге тиіс кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын толық көлемде төлеген жағдайларда.
Осыған қарай, СЭҚ қатысушылар барлық тармақтарды мүлтіксіз орындаған жағдайда ғана кеден заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бұл шаралар СЭҚ қатысушылармен бизнесті әділ және заңды жүргізу және оларға қолайлы орта жасау үшін енгізілген.
«Майқапшағай» кеден бекетінің бас маманы Есембаев А.К.