Date of publication: 15.07.2019 17:14
Date of changing: 22.11.2019 10:42

Сыбайлас жемқорылққа қарсы мәдениет туралы

 

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде ежелгі заманнан келе жатқан құбылыс. Тарихи процестің барысында, бұл құбылыс әрдайым өзгеріп, саяси және экономикалық тәртіптің күрделенуіне байланысты, оның жаңа түрлері айқындалуда. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттерде күрделі және өзекті мәселе болуда.

Сыбайлас жемқорлық (латын тілінен - corruptio – бүліну, параға сатып алу) – қылмыс,  жеке баю мақсатында лауазымды тұлғалар өздеріне берілген  қызметтік құқықты пайдалану.

Сыбайлас жемқорылқпен қүрес – бүкіл қоғамның ісі.  Елбасының                   2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, деп айтылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың түйінді бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру айқындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс кимыл шарттарының біріне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту жатады.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен мәдениеті «Мәнгілік ел» идеологиясының түпмәтіндігінде қалыптасады. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының шоғырландыруы – азаматтық теңдік, еңбек сүйгіштік, адалдық, ғалымдық табыну, білімді,зайырлы мемлекет.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстантықтың азаматтық ұстанымы, ал адалдықпен параға сатылмау – мінез-құлық ережесі болу керек.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде ұғынып, қабылдамау, біздің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмай, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы табанды төзімділікпен, оны жария түрде даттау қажетті нәтижесін бермейді.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетің жоғарлатуға байланысты үлкен жұмыс  бүкіл халықты,  олардың жасына, әлеуметтік мәртебесіне, мектепке дейінгі, мектеп, арнайы орта, жоғары  білім жүйесіне, бүкіл мекемелердін  меншік түріне қарамастан қамтиды. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық халықтың құқықтық сауатсыздығынан болуына байланысты, осы бағытта кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша, 2018 жылы Қазақстан Республикасында Кешенді жоспар іске асырылды. Осы жоспардың іс шарасы білім беру және ақпараттандыру сипаттамасында болды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтармен дәріс жүргізілді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойнша II республикалық кәсіпкерлердің форумы, азаматтық бастаманың II конкресі, «Адал жол» марафоны өткізілді.
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта форумдар,конференциялар, «Дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Интернет арқылы ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарлату және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында, ШҚО бойынша МКД кеден бекеттерде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде:

  1. сыртқы–экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден өкілдерімен қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және  кеден заңнамаларын түсіндіру бойынша кездесулер, «Дөңгелек үстел» орытыстары;
  2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына жаднамалар таратылады;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және кеден заңнамасына байланысты ақпараттық стендтер жаңартылады;

 4) ШҚО бойынша МКД кеден бекеттердң қызметкерлері  АКП арқылы кеден заңнамаларың түсіндіру бойынша кенес  береді;

5) БАҚ қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және кеден заңнамаларың түсіндіру бойынша мақалалар жарияланады.

ШҚО бойынша МКД кеден бекеттердің басшылығымен қызметкердердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша  тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде:

  1. сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша нұсқаулықтар;

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» және нормативті-құқықтық актілері талаптарын сақтау туралы жедел мәжілістер;

3) «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және кеден заңнамаларын оқып білу үшін сабақтар, сонымен қоса Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық  ережелері мәселелері қараларды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың маңызы зор фактордың бірі - мемлекеттік қызметшілердің «парасаттылық декларациясы» талаптарын қабылдау болып табылады.

ШҚО бойынша МКД кеден бекеттердің әрбір қызметкері, күнделікті белсенді азаматтық ұстанымды көрсетумен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыруға ықпал жасайды.

 

Сауле Искакова,

ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің бас маманы