Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп
алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері туралы
2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілді. Жоғары аталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына "Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 774 қаулысымен өзгеріс еңгізілді..
Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын
кедендік алымдардың мөлшерлемелері
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 774 қаулысымен еңгізілген өзгерістерімен)
Кедендік төлемнің атауы |
Мөлшерлеме теңгемен |
1 |
2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым |
тауарға арналған декларация үшін 20000 теңге |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым |
50 км дейінгі қашықтыққа 4000 теңге, 50-ден 100 км дейінгі қашықтыққа 6000 теңге, 100-ден 200 км дейінгі қашықтыққа 9000 теңге, 200-ден 400 км дейінгі қашықтыққа 45000 теңге, 400-ден 600 км дейінгі қашықтыққа 76000 теңге, 600-ден 800 км дейінгі қашықтыққа 116000 теңге, 800-ден 1000 км дейінгі қашықтыққа 121000 теңге, 1000-нан 1500 км дейінгі қашықтыққа 199000 теңге, 1500-ден 2000 км дейінгі қашықтыққа 273000 теңге, 2000-нан 2500 км дейінгі қашықтыққа 321000 теңге. |
Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым |
32000 теңге
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 171 қаулысымен
1) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысының;
2) "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысының
күші жойылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 171 қаулысы 2018 жылдың 09 сәуірде ресми жарияланған, 2018 жылдың 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.
ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекеті