Date of publication: 05.07.2019 15:32
Date of changing: 22.11.2019 10:39

Тері бұйымдарын таңбалау

 

 Сатып алушылар https://markirovka.gov.kz сайтынан (оның ішінде Маркировка KZ – мобильдік қосымша арқылы) тері бұйымдарының заңдылыған тексеруге мүмкіндіктері бар.

Осылайша, көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілді. 

Бұл тізбеге мына тауарлар кіреді: 

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

коды

қара күзеннің терісінен жасалған киімдер

4303 10 901 0

саз құндыздың терісінен жасалған киімдер

4303 10 902 0

түлкінің немесе ақ түлкінің терісінен жасалған киімдер

4303 10 903 0

үй қоянның немесе қоянның терісінен жасалған киімдер

4303 10 904 0

жанаттың терісінен жасалған киімдер

4303 10 905 0

қойдың терісінен жасалған киімдер

4303 10 906 0

терінің басқа түрлерінен жасалған қиімдер*

4303 10 908 0

Сонымен қатар, салық төлеушілерге мәлімет үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында қызметі бөлімінде тері бұйымдарын таңбалау бойынша нұсқаулықтар мен заңнамаларды табуға болатынын хабарлайды.

 

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы.