Date of publication: 01.07.2019 09:18
Date of changing: 22.11.2019 10:37

 

Салық салынатын импорт жасалған күн және тауарларды импорттау кезінде шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

 

 

          Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерген салық заңнамасының келесі ережелерін назарларына жеткізеді.

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (бұдан ары-Салық кодексі) 442-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.

Бұл ретте осы мақсаттар үшiн:

1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады:

тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;

тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн. 

Салық төлеушіде күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Салық кодексінің 453-бабы 6-тармағына сәйкес импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура электронды түрде салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.

Салық кодексінің 456-бабы 6-тармағына сай тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай болып табылады.

Сонымен қатар, салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі.

 

 

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыстары басқармасы