
Бүгінгі таңда ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде Қазақстан Респупликасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №921 қаулысымен бекітілген, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 51-тармағын іске асыру масатында шыққан Қазақстан Респупликасы Қаржы Министрлігінің 21 маусым 2019 жылғы №619 «Халықаралық автомобиль тасмалдарында міндетті алдын ада электрондық ақпараттандырумен (TIR EPD) Халықаралық жол тасымалы жүйесін қолдану практикасын кеңейту бойынша шаралар кешенін іске асыру туралы» бұйрығына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр, яғни өткізу пунктінде міндетті алдын ала электрондық ақпараттандырумен (TIR EPD) Халықаралық жол тасымалы жүйесін толық пайдаланып, тасмалдаушылар үшін қозғалыстың жеке дәлізідерін құруға әзірлік жұмыстары жүргізілуде.
Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкету кезінде,Қазақстан Республикасының тікелей мемлекеттік кірістер органынада Халықаралық жол тасымалы жүйесін қолдануды бастаған сыртқы зкономикалық қызметке қатысушылардың тауарларына қатысты тәуекелді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау жүргігілуде.
сыртқы зкономикалық қызметке қатысушылардың арасында Халықаралық жол тасымалы жүйесін пайдаланудың артықшылықтары, атап айтқанда қашықтықтан кез келген жерден тұрып алдын ала электрондық ақпараттандыру арқылы уақытын және декларанттық рәсімдеу қаражатын үнемдеуі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізуін қамтамассыз етілуде.
«Майқапшағай» кеден бекетінің жетекші маманы Б.Наурызбаев